Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ "ОБЛЫСТЫҚ ҚАН ОРТАЛЫҒЫ" ШЖҚ МКК
Маңғыстау обл., Ақтау қ. 34а ш/а. Қабылдау бөлімі: 40-32-78 (309)
Сенім телефоны: 40-32-27
E-mail: ockaktau1@mail.ru

Қан орталығы туралы

06.10.2015

Маңғыстау облысы қан қызметінің тарихы 40 жылдан астам уақытты қамтиды. Басында ол қалалық аурухана жанындағы қан құю бөлімшесі түрінде қалыптасса, облыс құрылғаннан соң облыстық денсаулық бөлімінің бұйрығымен 1973 жылдың 23 қарашасы облыстық қан құю орталығы болып құрылды.

ОҚҚО 3 ықшамауданда жалпы аумағы 306,7 шаршы метр болатын екі қабатты жұмысқа бейімделіп, орталықтың төмендегідей негізгі құрылымдық бөлімшелері орналастырылған ғимаратта жұмыс істеді: донор кадрларын жинақтау бөлімі, донорлар қанын дайындау және қайта өңдеу бөлімі және зертхана. Ұжым шағын, тек 8 адамнан тұратын. Қанды жаппай әзірлеуді табысты дамыту үшін донорлар қатарына тұрғындарды көптеп тарту, ақпараттар банкін жүйелеу бойынша жұмыс кезек күттірмейтін міндет болады. Донорлық қозғалысты насихаттаушылар ең алдымен ОҚҚО қызметкерлері мен Қызық Крест пен Қызыл Жарты ай қоғамының белсенділері болатын.

Шығарылатын қан өнімін қауіпсіз қолданылуын қамтамасыз ету үшін 1988 жылы өзінің бактериологиялық зертханасы ашылады, зертханашы өнімнің әр партиясының, шығыс материалдарының зарарсыздандырылуына тексеру жүргізіп, донорлық қанды дайындау мен қайта өңдеу барысындағы технологиялық үдерістердің асептикалық шаралар кешеніне бактериологиялық бақылауды іске асырды.

1999 жылдың ақпан айында облыстық қан құю орталығы Маңғыстау облысы Әкімінің №197 шешімінің негізінде облыстық Қан орталығы деп қайта құрылып, Мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорын деген жаңа заңды мәртебесін алды. 1999 жылы облыста қан қызметін келесі ұйымдар ұсынды: Ақтау қаласында – Облыстық қан орталығы МҚКК, Жаңаөзен қаласында – «Жаңаөзен орталық қалалық ауруханасы» МҚКК жанындағы қан құю бөлімшесі, облыс аудандарында Құрық п., Бейнеу п., Шетпе п., Форт-Шевченко және Жетібай п. елді-мекендерінде орталық аудандық ауруханалар жандарындағы қан құю орталықтары.

Облыстық қан Орталығында шығарыла қан өнімдерінің жаңа түрлері біртіндеп бастады, ал қан бөлімшелерінде тек қанды дайындап, мұздатылған плазма және аздаған мөлшерде эрмасса жасайды.

1999 жылы облыстық қан Орталығында донорлық плазмаферезі тобы құрылды, ал 2000 жылдан бастап екі есе донорлық плазмаферезі әдісі енгізілді, бұл бір донордың қанынан 280-нен 660 мл-ге дейін плазма әзірлеу мүмкіндігін береді.

Бүгінде шыны ыдыстарды теңдесі жоқ басымдығы бар және медицина қызметкерлерінің жұмысын жеңілдететін әрі өнімнің сапасын арттыратын пластикатты ыдыстар алмастырды. Донор қанын әзірлеуде шешуші маңыздылық әрқашанда жұқпалы ауруларда болады.

2002 жылдың ақпан айында ОҚО МҚКК жанында «Медициналық куәландыру ережелеріне» сәйкес тексерілуге тиісті донорларды тексеруден өткізуге үшін ашылған ИФТ зертханасы өзінің жұмысын бастайды. 2007 жылға дейін облыс тұрғындарының саны мен тығыздығы есептеле отырып, қан қызметі қайта құрудан өткізілді. Басында «Жергілікті деңгейде қан және оның компонеттерін өндіру» 005 бағдарламасы бойынша мемлекеттік тапсырысты орындауды тек Облыстық қан орталығы мен Жаңаөзен ОҚА алған болатын, ал 2007 жылдан бастап Жаңаөзен қ. қан құю бөлімшесі облыстық қан орталығының құрамдас бөлігі болып, мемлекеттік тапсырысты толықтай ОҚО МҚКК орындайды және жыл сайынғы Мемлекеттік тапсырыстың көлеміне байланысты бекітілетін облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкімхатына сәйкес облыстың барлық ЕСМ-н қан компоненттерімен қамтамасыз етеді.

2005 жылдан бастап қазірге дейін қан Орталығының материалдық-техникалық базасы тұрақты түрде жақсартылуда: тоңазытқыш жабдықтар толығымен ауыстырылған, зертханалар жоғары технологиялық құралдармен жабдықталған, сондай-ақ қанды әзірлеу және қайта өңдеу бөлімшелері қажетті медициналық құралдармен 100%-ға қамтамасыз етілген. Өз кезегінде Облыстық қан орталығы облыстың 14 медициналық ұйымын қан өніміне қажеттілігін толықтай қамтамасыз етіп отыр.

2005 жылы ОҚО 1 ықшамаудандағы медқалашықта жалпы ауданы 8240 шаршы м. Жаңа төрт қабатты ғимаратқа көшірілді.

2011 жылы «100 мектеп, 100 аурухана» мемлекеттік бағдарламасы аясында Ақтау қ. 34 «А» ықшамауданында орналасқан Облыстық қан орталығының жаңа ғимараты пайдалануға берілді.

Орталық инфекциялық, иммунологиялық, вирусологиялық қауіпсіздіктің максималды өлшемдерін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін заманауи әлемдік стандарттар бойынша жабдықталған.

Жаңа қан орталығында қанды әзірлеудің автоматтандырылған жүйесі қарастырылған. Қан компонеттерін әзірлеу, қан компонеттерінің барлық түрін, соның ішінде донорлық плазма, жасушалық компоненттерін алу үшін төмендегідей аппатарттарда жүзеге асырылады: плазмаферез алу үшін - PCS-2, цитоферез алу үшін - MCS+.

Белгілі және белгісіз патогендерден қосымша қорғанысты қамтамасыз ететін INTERCEPT бірегей жүесіндегі қанды әсерсіздендіру технологиясы енгізілген – бұл емделушілер үшін қан қауіпсіздігінің жаңа деңгейі.

CERUS Intercept әсерсіздендіру жүйесі ішкі және жасуша сыртындағы вирустарды, бактерияларды, аферезді/пулирленген тромбоциттегі немесе плазмадағы қарапайымдарды әсерсіздендіруге арналады.

Intercept жүйесінің дұмыс істеу қағидасы патогендерді әсерсіздендіру көмегімен қандағы қауіпсіз компоненттерді, сондай-ақ донордың әлеуетті қауіпті лейкоциттерін алу үшін жетілдірілген HELINX нуклеидті қышқылмен байланыстыру технологиясына негізделген.

Гемокомпоненттерді лейкофильтрациялау әдісі енгізілген, бұл қан құрамында бар және жұқпалы аурулардың туындауына себеп болатын вирустардың шектік концентрациясын азайтуға септігін тигізеді. Вирустардың 90 %-дан астамы лейкоциттер құрылымында болады, осыған байланысты лейкодеплеция реципиенттердің гепатитті, АИТВ инфекциясын, цитомегаловирусын және басқа төмендегілерді қамтамасыз ететін гемотрансмиссивті инфекцияларды жұқтыру қаупін төмендетуге ықпал етеді:

• консервіленген қанды қанның компоненттеріне бөлінгенге дейінгі фильтрация;

• қанның компоненттерге бөліну кезіндегі фильтрация;

• қанның компоненттері әзірленгеннен кейінгі фильтрация.

Қан компоненттерін лейкофильтрациялау әдісінің тәжірибеге енгізілуінің арқасында лейкоцит қоспаларымен шартталған бірқатар иммунологиялық асқынулардың алдын алуды, сондай-ақ қанның ақ жасушаларымен ассоциаланатын вирустардың таралуын болдырмауды қамтамасыз етуге қол жеткізілді (цитомегаловирус, Эпштейна-Барр вирусы, адамның Т-лимфотропты вирусы).

2011 жылдың маусым айынан бастап қан Орталығында ПТР (полимеразалық тізбек реакция) әдісімен донор қандары үлгілерін тестілеу басталды. Донор қандарының үлгілері ең алдымен автоматтандырылған анализаторда иммуноферментті реакция әдісімен зерттеледі. Оң нәтиже көрсеткен үлгілер жарамсыз деп танылады, ал теріс көрсеткіштер сол күні ПТР әдісі бойынша қайта зерттеледі.

Вирусты РНК (ДНК) анықтау үшін донор қанына ПТР-тестілеуді қолана отырып жүргізілетін скрининг үнсіз формадағы инфекциясы бар донорлардың арасынан жұқпалы ауруы (В және С гепатиттері, АИТВ) бар донорды анықтау есебінен қанды құйғаннан кейінгі вирусты аурулармен ауру қаупін төмендетуге мүмкіндік береді. Қанның серологиялық тестілеуге зерттеуі мен ПТР әдісімен үлгілердің скринингісі қатар жүргізілетін  донор қандарын зерттеу алгоримі гемоөнімдерінің инфекциялық қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді.  


Пайдалы ақпарат
Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі http://mzsr.gov.kz
Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы dsb.mangystau.gov.kz
Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы heartcenter.kz
Ұлттық медициналық холдинг nmh.kz
Ұлттық онкология және трансплантология ғылыми орталығы nscot.kz
Ұлттық нейрохирургия орталығы neuroclinic.kz
Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы nrcmc.kz
ҚР Президенті іс басқармасы Медициналық орталығы mcudprk.kz
Республикалық балаларды оңалту орталығы rdrc.kz
Облыстық онкологиялық диспансері ШЖҚ МКК http://onko.mangystau.kz
«Облыстық балалар ауруханасы» ШЖҚ МКК http://detbol.mangystau.kz
Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемаларының облыстық орталығы zozh.mangystau.kz
Сайт карталары
Сіздің сайт бойынша пікіріңіз
   Ваш отзыв о сайте