Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ "ОБЛЫСТЫҚ ҚАН ОРТАЛЫҒЫ" ШЖҚ МКК
Маңғыстау обл., Ақтау қ. 34а ш/а. Қабылдау бөлімі: 40-32-78 (309)
Сенім телефоны: 40-32-27
E-mail: ockaktau1@mail.ru

ДОНОРЛЫҚ-ӘРҚАЙСЫМЫЗДЫҢ АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

07.02.2017

«Донор» сөзі латын тілінен аударғанда «тарту,сыйлау» деген мағынаны білдіреді. Донорлық- көмек көрсету мен адам өмірін сақтап қалудың символы.

Қан тапсыру-бұл донорлық рәсім, яғни 450,0 мл көлемде қан беру. Дені сау адамның осы көлемде қан тапсыруы физиологиялық қалыпты, қан жоғалту қаупі болмайды. Зерттеу нәтижелері мен мамандардың тәжірибиесі донор болып қан тапсыру адамның денсаулығына өте пайдалы екендігін көрсетеді. Қан тапсырғанда қан айналу және иммундық жүйе жақсарып қатерлі ісік аурулары мен тыныс жолы жұқпалы ауруларына сирек шалдығады. Ең бастысы, донор өз денсаулығын тексеріп мұқтаж жандарға өзінің аз да болса қанын сыйлап, өзінің бір бөлшегін табыстағандай болады. Қазақстан Республикасының заңында ақылы донорлық қызметке рұқсат етілген. Өтеусіз донорлар - қауіпсіз қан және оның компоненттерінің көрсеткіші, өйткені ақылы донорлардың қанды тапсыру барысында материалдық пайда көру үшін денсаулығы жөнінде нақты ақпаратты жасыру жиі кездеседі. Осының салдарынан қанның қауіпсіздігі төмендейді. Бұдан басқа, өтеусіз донорлықты дамыту рухани жағынан да маңызды. Өйткені, ештеңе талап етпей-ақ, өзгеге көмектескен адам нағыз азамат атануға лайықты. Өтеусіз донорлықты дамыту –адам бойындағы қайғыға ортақтасу, тілеулестік, қол ұшын беруге дайындық қасиеттерін оятады, ал бұл қасиеттер бүгінгі қоғамға аса қажет.
Жасы 18-ден асқан, донор болуға қарсы көрсеткіші жоқ, дені сау төлқұжаты бар Қазақстан азаматы донор бола алады. Қан алу шарасы - қан орталығында, қан және оның компоненттерін дайындау бөлімінде жүзеге асырылады. Донор мен реципиенттің денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қан орталығында дәрігерлер бірнеше тексеріс кезеңін жүзеге асырады, зертханада ВИЧ 1,2 инфекциясы, В және С гепатиттері маркерлеріне және мерезге сараптама жүргізеді. Қанның қауіпсіздігі үшін қан бір рет қолданылатын, зарарсыздандырылған гемаконға алынады. Гемакон-қанның емдік қасиетін жоғары сапада сақтау үшін арнайы полимерлі материалдан жасалған ыдыс. Донордан алынған қан, қанды айналдыру үшін қолданылатын машина центрифугадан өткізіледі, бұл жерде қаннан негізгі үш компонент алынады:плазма,тромбоцит және эритроцит концентраты.

Қан тапсыру жиілігі алынатын қанның мөлшеріне байланыссыз:

  • тромбоцит және эритроцит концентратын тапсыру 60 тәулік,
  • плазма тапсыру 14 тәулік жиілікте жүзеге асырылады.

Ерлер жылына 5 рет, әйелдер 4 рет қан тапсыра алады.

Плазмаферез - организмнен қан компоненті болып табылатын эритроцит, лейкоцит, тромбоциттен қан сарысуын бөліп алу. Плазма- 90% судан тұрады, құрамы қоректік заттарға бай. Олар:

  • ақуыз,
  • май,
  • көмірсу,
  • гормон,
  • дәрумендер сонымен қатар организм тіндерінің құрылымына және өмір сүруіне жағдай жасайтын органикалық заттар.

Плазма медицина саласының хирургия, акушерия, гинекология, онкология, гемотология бөлімдерінде кең көлемде қолданылады.

Егер де, әр азамат дер кезінде таныстығына қарамастан біреуге көмек көрсетіп, қан тапсырса адамдар айтып келмейтін апаттармен жіті аурулардан анағұрлым қорғалар еді.

Қан тапсыру арқылы біз адамдарға өмір сүру мүмкіндігін береміз.


Мукатаева К.Л. врач-трансфузиолог Мангистауский ГККП «ОЦК»


Пайдалы ақпарат
Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі http://mzsr.gov.kz
Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы dsb.mangystau.gov.kz
Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы heartcenter.kz
Ұлттық медициналық холдинг nmh.kz
Ұлттық онкология және трансплантология ғылыми орталығы nscot.kz
Ұлттық нейрохирургия орталығы neuroclinic.kz
Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы nrcmc.kz
ҚР Президенті іс басқармасы Медициналық орталығы mcudprk.kz
Республикалық балаларды оңалту орталығы rdrc.kz
Облыстық онкологиялық диспансері ШЖҚ МКК http://onko.mangystau.kz
«Облыстық балалар ауруханасы» ШЖҚ МКК http://detbol.mangystau.kz
Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемаларының облыстық орталығы zozh.mangystau.kz
Сайт карталары
Сіздің сайт бойынша пікіріңіз
   Ваш отзыв о сайте